ҚАЗАҚСТАНДА
ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ
Басты бет / Жобалық кездесулер

KazDual жобасы – жалғасуда!

KazDual жобасы – жалғасуда!
 
2023 жылғы 11-13 сәуір аралығында Астана қаласы Назарбаев Университетінің базасында KazDual жобасының консорциумы «Дуальды бағдарламаларды пилоттық енгізудің нәтижелері және ҚР НҚА (нормативтік-құқықтық актілерге) өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау» семинарын өткізді. Семинардың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA). Іс-шараға 30 қатысушы – Австрия, Германия, Эстониядан жоба серіктестері, сондай-ақ қазақстандық университеттер мен колледждер және IQAA, ACQUIN, CEENQA сапа кепілдігі бойынша аккредиттеу агенттіктері жиналды. ҒжЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны департаментінің басшысы Индира Абилмажинова, ҒжЖБМ атынан БСҚА Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің Президенті Шолпан Муртазовна Каланова құттықтау сөз сөйлеп, жобаның еліміздегі жоғары білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, оның жүзеге асырылуына оң баға берді. Семинарға шақырылғандардың қатарында Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова, «Атамекен» ҰКП атынан Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Лязат Жаббаровна, сондай-ақ жобаның сыртқы сарапшысы Карлос Мачадо болды. Спикерлердің баяндамаларында Қазақстандағы жоғары білім берудің басым бағыттары туралы, "Атамекен" ҰКП шеңберінде дуальды оқытуды үйлестіру туралы тақырыптар таныстырылды, серіктес ЖОО-лар өз пакеттері бойынша есептерін ұсынды: KazDual жобасының негізгі нәтижелері және іске асыру жоспарлары (Абай ат. ҚазҰПУ); Жұмыс берушілерге арналған сауалнамалармен жұмысты ұйымдастыру және стейкхолдерлермен кері байланыстың тиімділігін арттыру құралдары (Инсбруктегі Тироль педагогикалық университеті); Пилоттық бағдарламаларды іске асыру бойынша сауалнама нәтижелерін талдау (Академик Бөкетов атындағы ҚарУ); Жобаны іске асыру сапасы бойынша сауалнама нәтижелерін талдау (Таллин қолданбалы ғылымдар университеті); Дуальды оқыту инфрақұрылымының ерекшеліктері (Магдебург университеті FabLab мысалында). Қатысушылар Тироль университеті Магдебург университетімен бірлесе отырып, жобаның басынан бастап Еуропалық дуалды жүйенің үздік тәжірибелерін көрсетіп, еңбек нарығының қажеттілігін және стейкхолдерлердің дуальды негіздеуді жүзеге асыруға қызығушылығын білу үшін сауалнамалар әзірлегенін атап өтті. Жоба ұсыныстары қазақстандық команданы келесі жұмыс пакеттерін одан әрі іске асыруға ынталандырды (2,3). Қазақстандық жоғары оқу орны – Академик Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті – Орталық Қазақстандағы ірі көп бейінді университеттердің бірі – М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университетімен және Шәкәрім университетімен бірге №3 жұмыс пакетіне жауапты, жобаны жүзеге асыру – пилоттық бағдарламаларға сауалнама жүргізу аясында үлкен жұмыс атқарды. IQAA арқасында жобада сапа стандарттарын қайта қарау және дуальды бағдарламаларды аккредиттеу бойынша стандарттарды әзірлеу үшін оң нәтиже болады, бұл ҚР жоғары білім беру жүйесінде жаңашылдық болады. Семинардың негізгі мақсаты – өзіндік есептерді талдауды талқылау және ҚР НҚА өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау. Топтық жұмыстарды талдау негізінде жоба топтары өз ұсыныстарын ұсынды. Абай ат. ҚазҰПУ, Академик Бөкетов ат. ҚарУ өз баяндамаларында ЖКБ жүйесінде дуальды оқыту үлгілерін көрсетіп, сарапшылардың пікірлерін алды. Жалпы жобада дуальды білім беруді (кәсіптік және жоғары білімді біріктіру) реттеу бойынша әдістемелік нұсқаулар, тағылымдамалар бойынша еңбек заңнамасы және дуальды кәсіптік білім беруді енгізудің қайта қаралған нормативтік құқықтық базасын қолдауға болатын басқа да нормативтік құқықтық актілер ұсынылатын болады.
KazDual жобасы осы бағытта: жоғары білімнің сапасын және оның оқытуды ұйымдастыру мен жоспарлаудағы, ЖОО-ларды жедел және стратегиялық басқарудағы және ЖОО-ларды интернационалдандырудағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін арттыруда қолдау көрсете алатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, жоба университеттер мен колледждерге тәжірибеге бағытталған білім беру және бизнеспен тығыз байланыс орнату арқылы бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен IQAA тәуелсіз агенттігінің жобадағы тығыз ынтымақтастығы сапа стандарттарын қайта қарауға оң әсерін тигізуде.
 
 
 
 
+7 (707) 350-55-30
Алматы
© 2024 «Бұл жоба еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Осы жарияланымның/материалдың мазмұны автордың жауапкершілігі болып табылады және еуропалық комиссияның көзқарасын көрсетпейді. Комиссия ондағы ақпаратты пайдаланғаны үшін жауап бере алмайды»